jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ДМ
Динар Мұрат
Бұрынғы қызметкер

Қазақ-өзбек шекарасында ұзындығы 450 метрлік жасырын тоннель табылды

Түркістан облысындағы халықаралық топ
Күдіктілерді ұстау шарасы. Фото: Бас прокуратура

Түркістан облысында қазақ-өзбек шекарасында ұзындығы 450 метрлік жасырын тоннель салған халықаралық қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді. Тоннель арқылы мұнай өнімдерін контрабандалық жолмен тасымалдау іске асырылған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

Қадағалаушы орган мәліметінше, Түркістан облысы прокуратурасының бастамасымен және үйлестіруімен Қазақстанның Экономикалық тергеу департаменті, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Өзбекстан құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысы нәтижесінде бұл қылмыстық топтың қызметі тоқтатылған.

Қылмыстық топ қазақ-өзбек шекарасы арқылы ұзындығы 450 метрлік жерасты тоннелін қазып, күн сайын 5-7 тонна жанар-жағармай материалдарын заңсыз тасымалдаған. Бұл әрекет шамамен екі ай бойы жалғасқан.

"Арнайы операция нәтижесінде қылмыстық топтың барлық мүшесі, оның ішінде Өзбекстан азаматтары анықталып, ұсталды. Сондай-ақ контрабандалық жанармайды экспорттау мен қаржы аударымдарының заңсыз схемасы да әшкереленді.

Қылмыстық топқа қарсы арнайы шаралар екі мемлекет аумағында да жүргізілді. Қазақстан мен Өзбекстан құқық қорғау органдарының үйлесімді жұмысының арқасында заңсыз әрекеттерге толық тосқауыл қойылды", - делінген прокуратура хабарламасында.

Қазір қылмыстық топтың әрекетіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Қазақ-өзбек шекарасында ұзындығы 450 метрлік жасырын тоннель табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.