jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Қарағанды облысында жоғалған 50-ге жуық жылқының өлексесі мұз астынан табылды (видео)

Суға батқан жылқылар
Суға батқан жылқылар. Видеодан кадр: ҚР ІІМ

Қарағанды облысында еркін жайылымда жүрген 47 жылқы суға батып кетті. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.

Ауыл тұрғындары Қарқаралы ауданының полициясына малы жоғалғанын айтып, арызданған. Іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардан құралған еріктілер жұмылдырылғае. Шамамен 10 іздестіру тобы құрылып, олар аумақты көлікпен және атпен аралап шыққан.

Іздеу шаралары Қарқаралы ауданында ғана емес, облыстың көршілес аудандары мен Павлодар облысының Баянауыл ауданында да жүргізілген. Нәтижесінде көлдердің бірінен 47 жылқының өлексесі табылды.

"Жануарлардың иелері өз малдарын таныды. Алдын ала болжам бойынша түнде далада жүрген табын мұз басқан көлге түсіп кеткен. Мұздың жұқалығы салдарынан жануарлар суға құлаған.

Қарағанды облысының полиция департаменті ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне малды бақылауда ұстаудың маңыздылығын ескертеді. Малдың қараусыз жайылуы қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін: жануарлар ұрлықтың, жол-көлік және басқа да оқиғалардың құрбаны болуы ықтимал", - делінген хабарламада.

Қарағанды облысында жоғалған 50-ге жуық жылқының өлексесі мұз астынан табылды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.