Top.Mail.Ru

Зектілері

Қатты желден Алматы-Өскемен тасжолында жүк көлігі аударылып қалды

Жарияланған күні:

Жел жүк көлігін аударып кеткен
Жел жүк көлігін аударып кеткен. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Бүгін, 26 желтоқсанда Алматы-Өскемен тасжолында қатты жел соғып, жүк көлігі аударылып қалды. Жүргізуші зардап шеккен жоқ. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ішкі істер министрлігінің Telegram-дағы арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 2024 жылғы 26 желтоқсан шамамен сағат 16:00-де Алматы-Өскемен автожолының 939-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды: қатты жел салдарынан MERCEDES BENZ маркалы жүк көлігі аударылды. Жүргізуші зардап шеккен жоқ.

Полицейлер жүргізушілер мен жолаушыларды, әсіресе, ұзақ сапарға шыққанда сақ болуға шақырды:

  • Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыз.
  • Қатты жел немесе жол нашар көрінген жағдайда жылдамдықты төмендетіңіз және мүмкіндігінше ұзақ сапардан аулақ болыңыз.

Еске салсақ, бұған дейін Астана-Петропавл тасжолының 232-шақырымын патрульдеу барысында ақмолалық полицейлер Van Hool маркалы автобусты тоқтатқан еді. Рөлде Түркістан облысының 50 жастағы тұрғыны отырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2205594-qatty-zhelden-almaty-oskemen-taszholynda-zhuk-koligi-audarylyp-qaldy/