jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматы облысындағы Қарасай ауданы тұрғындары жарықсыз қалды: әкімдік өкілдері мән-жайды түсіндірді

Электр желілері
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысындағы Қарасай ауданында не үшін жарық өшірілгені белгілі болды. Алматы облысы әкімдігі осы жайтқа байланысты жедел хабарлама жариялап, мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Облыс әкімдігінің Instagram-дағы ресми арнасында жарияланған мәліметі бойынша, 2024 жылғы 27 желтоқсанда, сағат 09:15-те Іргелі ауылдық округі мен Қаскелең қаласында "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС-не "BeyAzhTrans" ЖШС-нің 390 752 771 теңгелік қарызына байланысты электр қуаты өшірілген.

Қарасай аудан әкімдігі дереу шаралар қолданып, "BeyAzhTrans" ЖШС басшылығымен келіссөз жүргізген. Нәтижесінде электр қуаты қалпына келтірілді.

"Электр қуатының үзілуінің салдарын азайту және болашақта мұндай жағдайлардың алдын алу үшін барлық тиісті ұйымдардың біріккен жұмысы жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар сот тәртібімен "BeyAzhTrans" ЖШС-нің "Асыл Арман", "Алтын Ауыл" тұрғын үй кешендерін электрмен жабдықтау және Қарасай ауданы ауылдарын сумен жабдықтау мүлік кешенін жекешелендіруді тоқтату мәселелері қарастырылуда", - делінген хабарламада.

Алматы облысындағы Қарасай ауданы тұрғындары жарықсыз қалды: әкімдік өкілдері мән-жайды түсіндірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.