jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

"25 млн теңге керек": Шымкентте қатерлі ісікке шалдыққан 3 жасар баланың анасы көмек сұрайды

Ералы Хан
Ералы Хан. Фото: Жеке мұрағат/ KAZ.NUR.KZ

3 жас 10 айға енді ғана толған шымкенттік бүлдіршін Ералы Ханға шұғыл түрде көмек керек. Ойын баласынан апта бұрын ғана қатерлі ісік анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Туғанда басында мөлшерінен көп су анықталған ұл баланы дәрігерлер жыл сайын тексертіп тұруды ұсынған. Қала берді қабылдайтын дәрі-дәрмектерін де жазып берген. Алайда ұзын-сонар тізімдегі емдік құралдар ешқандай көмегін тигізбеді дейді анасы.

"Баламның басын жыл сайын медициналық аппаратқа түсіріп тұратынмын. Биыл қыркүйекте барғанымда дәрігерлер бір шикілік барын айтты. Алдымен көз дәрігеріне, кейін УЗИ-ға жіберді. Олар баланың басында ісік бар деген күдік келтіріп, Алматыға баруымды ұсынды. Сөйтсем, бастағы ісік үлкейіп, сол көзіне өткен екен. Қатерлі ісіктің ең ауыр түрі екенін мәлімдеді", - дейді науқас балақайдың анасы Айнұр Құрбан.

Отандық дәрігерлер баланың басына ота жасамай тұрып, химия ектіруді ұсынған. Ал түркиялық ақ халаттылар болса, операцияның жуық арада жасалу керек екенін айтып, дабыл қаққан. Әйтпесе, бастағы жаман ауру науқас баланың миына өтуі де ғажап емес.

"Түркияда ем қабылдау үшін 25 млн теңге керек деді. Бұл сомаға екі химия мен ота жасалады. Сөйтіп, бастағы ісікті алып тастайды екен. Өкінішке қарай бізде мұндай қаржы жоқ. Жолдасым құрылыста қарапайым жұмысшы. Өзім екі баламен үйде отарған анамын. Басымыздағы пәтер де жалдамалы", - дейді жас ана.

Жас отбасы перзентінен ісікті апта бұрын ғана анықтаған. Тағы біршама уақыт кешіксе, баланың ауруы одан әрі асқынуы мүмкін. Осыдан қорыққан ата-ана көпшіліктен көмек сұрауға мәжбүр. Әзірге қажет соманы 3 млн 20 мың теңгесі ғана жиналған.

KASPI номер +77051743131 АЙНҰР ҚҰРБАН

KASPI 4400 4302 7983 5547

HALYK BANK 4003 0351 0752 7280

"25 млн теңге керек": Шымкентте қатерлі ісікке шалдыққан 3 жасар баланың анасы көмек сұрайды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.