Айдос Үкібай Сара Назарбаева бақилық болды деген мәліметті жоққа шығарды
Жарияланған күні:
Бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаева қайтыс болды деген мәліметті жоққа шығарды. Мұндай ақпаратты ол Х әлеуметтік желісіне жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Отандық бірқатар ақпарат құралы журналистерінің Сара Алпысқызына қатысты сауалдарына былай деп жауап беремін: Интернетте оның қазасы туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп жазды Айдос Үкібай.
Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылғы 12 ақпанда туған. Ол қазір 83 жаста.
Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Алпысқызы 1992 жылы "Бөбек" ұлттық қорын құрып, ұзақ уақыт бойы қайырымдылық ұйымын басқарған.
Назарбаеваның "Өзін-өзі тану" әдісі орта мектептің білім бағдарламасында жеке пән ретінде оқытылған.
Олардыңың үш қызы бар. Дариға, Динара және Әлия Назарбаевалар әр жылдары түрлі маңызды қызметтер атқарған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2205978-birinshi-prezidentting-baspasoz-hatshysy-sara-nazarbaeva-baqilyq-boldy-degen-malimetti-zhoqqa-shygardy/