jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    "ҚазАвтоЖол" Жамбыл облыстық филиалы басшысының орынбасары сотталды

    ҚазАвтоЖол
    Фото: ҚазАвтоЖол

    26 желтоқсанында Қордай аудандық соты "ҚазАвтоЖол" Жамбыл облыстық филиалы басшысының орынбасары Д. Тультаевқа, "ДорСтрой" ЖШС мердігерлік ұйымы жобасының жетекшісі У. Құрбановқа, "Алматы Сапа Инжиниринг" ЖШС техникалық қадағалау сарапшысы Д. Мұсақұлға үкім шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сүйене отырып хабарлайды.

    Агенттіктің ресми телеграм-арнасына жариялаған мәліметінше, олар қазақ-қырғыз шекарасындағы "Қордай" өткізу бекетін салу, кеңейту және жөндеуге бөлінген 296 млн теңгеден аса бюджет қаражатын ысырап еткені үшін кінәлі деп танылды.

    "Ақша жымқыру қылмысы жалған актілерге қол қою, жұмыс түрлеріне екі есе ақы төлеу, құрал-жабдық құнын асыра бағалау және заттарды аз жеткізу жолымен жасалған", - деп хабарлады агенттік.

    Құзырлы мекеме мәліметінше, Тультаев пен Құрбанов 8 жылға бас бостандығынан айрылды. Бұған қоса, олар 10 жыл құрылыс саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

    Қордай аудандық соты Мұсақұлды 7 жылға бас бостандығынан айырды. Ол да сәулет, құрылыс саласында 10 жыл қызметке тұра алмайды.

    Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

    Естеріңізге сала кетейік, осыдан екі апта бұрын "ҚазАвтоЖол" компаниясының бұрынғы басшысы жол жөндеу мен көпір салуға бөлінген қаржыны жымқырды деген айыппен сотталған.

    "ҚазАвтоЖол" Жамбыл облыстық филиалы басшысының орынбасары сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.