jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте көпқабатты үйлерге күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр

Баспана
Көпқабатты пәтер. Көрнекі сурет: pixabay.com

2023 жылы Шымкентте 1 млрд 41 мың теңге қаржыға 16 көпқабатты тұрғын үйдің мүлкіне күрделі жөндеу жұмысы жүргізілген. Үрдіс биыл да жалғасын тауып, 15 көпқабатты үй күрделі жөндеуден өтті, деп хабарлайды Ontustiktv.kz.

Телеарна мәліметінше, 2024 жылы күрделі жөндеу жұмыстарынан үнемделген қаржы есебінен 81 көпқабатты тұрғын үйдің жалпы мүлкіне техникалық зерттеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған.

1-кезеңде қала аумағындағы 15 көпқабатты тұрғын үйдің жалпы мүлкін күрделі жөндеуден өткізу үшін жергілікті бюджетке өтінім беріліп, 1 млн 139 мың теңге қаржы қаралды. Қазіргі таңда 15 көпқабатты тұрғын үйдің жалпы мүлкі күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр.

Сонымен қатар қалада 12 әлеуметтік нысан құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның жетеуі жаңа нысан болса, бесеуі күрделі жөндеуді қажет етеді.

Шымкентте көпқабатты үйлерге күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.