Top.Mail.Ru

Зектілері

Шымкентте әлеуметтік маңызы бар 10 тауар арзандады

Жарияланған күні:

Дүкендегі азық-түлік арбасы
Көрнекі фото: pixabay.com

Жыл басынан бері Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне кіретін 10 тауардың арзандағаны байқалды. Бұл туралы Otyrar.kz Telegram-дағы арнасында хабарлайды.

Атап айтқанда, 1-сұрыпты бидай ұны 8,2 пайызға, қарақұмық жармасы 32,1 пайызға, айран 6,1 пайызға, сәбіз 7,0 пайызға, пияз 4,5 пайызға, қант 4,3 пайызға, күріш 3,3 пайызға, қырыққабат 16,7 пайызға арзандады. Сондай-ақ ірімшік пен макарон өнімдерінің бағасы өзгерді.

Жыл басынан бері Шымкент қаласы бойынша көшпелі мониторингті қамтитын азық-түлік тауарларына баға белгілеу тізбегіндегі делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссияның 90 отырысы өткізілді. Оған қоса комиссия 2024 жылдың басынан бастап электрондық шот-фактура бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

"Сауда үстемелерін және анықталған делдалдық схемаларды асыра бағалау фактілері бойынша сауда қызметі субъектілерімен түсіндірме әңгімелер жүргізілді, оның барысында бағалар сауда үстемесі шегінде төмендетілді және делдалдарды айналып өтіп, тікелей өндірушілер мен тікелей жеткізушілерден ӘМАТ сатып алу туралы ұсынымдар берілді", - делінген хабарламада.

Аталған жұмыстың нәтижесі бойынша 292 өнімсіз делдалдың жолы кесілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2206208-shymkentte-aleumettik-mangyzy-bar-10-tauar-arzandady/