Top.Mail.Ru

Зектілері

Шымкентте жеңіл автокөлік бағанаға соғылды (видео)

Жарияланған күні:

Көлік апаты
Көлік апаты. Видеодан кадр: t.me/ otyrarkz

Шымкентте жеңіл автокөлік бағанаға соғылды. Оқиға орнында түсірілген видео Otyrar.kz Telegram-дағы арнасында жарияланды.

Басылым мәліметіне сүйенсек, оқиға Әл-Фараби мен Тұрар Рысқұлов көшелерінің қиылысында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Hyundai Tucson жүргізушісі, шамамен 40-45 жастағы азамат ойда-жоқта көлікті басқара алмай қалған.

Автокөлік жол жиегіне шығып кетіп, бағанаға соғылған. Куәгерлер көлік жүргізушісінің көлікте жалғыз болғанын растады.

Зардап шеккен азамат ауыр жарақат алып, шұғыл түрде ауаруханаға жеткізілді. Оқиға орнында тәртіп сақшылары жұмыс істеді. Жол апатының себебі анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2206214-shymkentte-zhengil-avtokolik-baganaga-sogyldy-video/