Top.Mail.Ru

Зектілері

17 халықаралық сарапшының қатысуымен комиссия Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшыраған жерге барады

Жарияланған күні:

Комиссию
Комиссию. Фото: gov.kz

Ақтау маңындағы авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссияны Қазақстан көлік министрі Марат Қарабаев басқарады.Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көлік министрлігіне қарасты Комиссияны Марат Қарабаев басқарады. Комиссия төрағасының орынбасары, тергеу жөніндегі уәкіл - көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу Департаментінің директоры Нұржан Малаев. Министрлікке қарасты бұл Комиссия Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқаратын Үкіметтік комиссияның құрамына кіреді.

Көлік министрлігі Комиссиясының басты мақсаты - авиациялық оқиғаның себебін анықтап, болашақта осындай жағдайды алдын алып, болдырмау үшін ұсынымдар әзірлеу.

Бүгін Марат Қарабаевтың төрағалығымен штабта барлық 17 халықаралық сарапшының қатысуымен жиналыс өтті.

Комиссия жұмыс жоспарын нақтылады. Комиссия оқиға орнына толық құраммен бірге барып, апатқа ұшыраған әуе кемесінің элементтері жиналатын арнайы ангарды қарайды. Әуе кемесінің элементтерін жинайтын күн бірлесе бекітіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2206443-17-halyqaralyq-sarapshynyng-qatysuymen-komissiia-aqtau-mangynda-ushaq-apatqa-ushyragan-zherge-barady/