jitsu gif
Саясат

    Тоқаев Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ жолаушыларын құтқарғаны үшін қазақстандықтарды марапаттады

    Құлаған ұшақтың бір бөлігі
    Ақтауда құлаған ұшақ. Фото: Әлеуметтік желі

    Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанның Azal компаниясына тиесілі ұшақтың апатқа ұшырауынан зардап шеккен адамдарды құтқару кезінде ерлік көрсеткен бір топ қазақстандықты мемлекеттік наградалармен марапаттады. Бұл туралы Ақорданың Telegram-дағы арнасы хабарлайды.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанның Azal компаниясына тиесілі ұшақтың апатқа ұшырауынан зардап шеккен адамдарды құтқару кезінде ерлік, кәсібилік және азаматтық жауапкершілік танытқаны үшін бір топ қазақстандықты мемлекеттік наградалармен марапаттады.

    Олардың арасында ТЖМ өкілдері, медицина мамандары, полицейлер, "Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы" акционерлік қоғамының жұмысшылары және Ақтау әуежайының қызметкерлері бар.

    Мемлекет басшысының Жарлығымен Маңғыстау облысы полиция департаментінің криминалисі Айбек Әлібаев Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі "Айбын", Маңғыстау облысы ТЖД Басқұдық ауылы №12 өрт сөндіру бөлімінің командирі Серікболат Оңғар Рақымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі "Айбын" ордендерімен, Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының орталық меңгерушісі Бақытжан Қойбеков пен Ақтау халықаралық әуежайы медициналық бекетінің меңгерушісі Ирина Кочергина "Құрмет" ордендерімен марапатталды.

    "Ерлігі үшін" медалімен Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының фельдшері Тимур Қисаев, Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығының Маңғыстау облысы бойынша филиалының дәрігері Оспан Оразбеков, "Қазаэронавигация" РМК Ақтау филиалындағы "Вышка" диспетчерлік бекетінің диспетчері Ярослав Толстиков, "Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы" акционерлік қоғамы Ақтау электр желілер ауданының шебері Нұралы Шопанов марапатталды.

    Ақтау халықаралық әуежайының қызмет бастығының орынбасары Бекболат Жұмағұлов, Әділет министрлігі "Сот сараптамалары орталығы" Маңғыстау облысы бойынша филиалының маманы Эльдар Оразалиев "Ерен еңбегі үшін" медальдарының иегері атанды.

    Сонымен қатар 51 адамға президенттің алғысы жарияланды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.