Top.Mail.Ru

Зектілері

Жезқазған қаласының жылу желілерін реконструкциялауға резервтен 1,5 млрд теңге бөлінді

Жарияланған күні:

Жылу желілері
Жылу желілерін реттеп жатқан адам. Көрнекі фото: gov.kz

Жезқазған қаласының жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғыртуға резервтен қаржы бөлінді – nиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Бұл жөнінде үкіметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Үкімет Жезқазған қаласының жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғыртуға резервтен қаржы бөлді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды", - делінген үкіметтің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратта.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, құжат Қазақстан үкіметінің резервінен Ұлытау облысының бюджетіне мақсатты трансферттер түрінде аудару үшін 1,5 млрд теңге көлемінде қаражат бөлуді көздейді. Қаржыландыру "Жезқазған қаласының ТМ11 жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғырту" жобасының 2-ші кезегін іске асыруға бағытталады.

Ұлытау облысындағы жылумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 639 км болады.. Сонымен қатар бүгінде тозу деңгейі – 58 пайыз. Желілердің негізгі бөлігі 1951 жылдан бастап пайдалануға берілді.

Жезқазғанда желілердің тозуы 60 пайызға жуықтайды. 89 мың тұрғыны бар қаланы жылумен жабдықтауды ЖЭО қамтамасыз етеді. Қалалық жылу желілерінің ұзындығы – 398 км.

"Жезқазған қаласын жылумен қамту жағдайын жақсарту үшін облыс әкімдігі жылу желілерін реконструкциялау және жаңғырту жобасына түзетулер енгізді. Нәтижесінде, бүгінгі таңда 5 іске қосу кешенінің 5-ші кезеңін аяқтау үшін 1,5 млрд теңге қажет.

Үкімет резервінен бөлінген бұл қаражат 2024–2025 жылдардағы жылыту маусымының іркіліссіз өтуін қамтамасыз етуге бағытталған", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2206611-zhezqazgan-qalasynyng-zhylu-zhelilerin-rekonstruktsiialau-men-zhanggyrtuga-rezervten-1-5-mlrd-tengge-bolindi/