Ақтөбеде ер адам құдыққа құлап кеткен
Жарияланған күні:
Ақтөбенің Алматы ауданында жылу трассасында құдыққа құлап кеткен ер адамды Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері құтқарып қалды. Зардап шеккен адам жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Министрліктің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған қапаратқа сәйкес, Алматы ауданында теміржол өткелінің маңында ер адам жылу трассасының құдығына құлап кеткен.
Жедел келген ТЖМ құтқарушылары 1974 жылы туған ер адамды құдықтан шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Айта кетейік, биыл тамыз айында Қарағандыда ашық тұрған құдыққа құлап кеткен 10 жастағы балаға құтқарушылар аман алып қалған болатын.
Түркістан облысында 29 жастағы қыз дренажды құдыққа құлап кеткен. Оны құтқарушылар бірнеше сағаттан кейін ес-түссіз жатқан күйінде құтқарып алған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2206640-aqtobede-er-adam-qudyqqa-qulap-ketken/