"Қызметтік тексеріс басталды": Атырау облысында мектеп директоры оқушыға қол көтерген
Жарияланған күні:
Атырау облысында ауыл мектебінің директоры мен оқушылар арасындағы жанжал болып, мектеп басшысы күдікке ілінді. Видео жарияланғаннан кейін қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.
Басылым мәліметінше, Құрманғазы ауданында ауыл мектебінің мұғалімі оқушыларға қатысты этиканы бұзғаны үшін тексеріліп жатыр.
Желіде мұғалім мен оқушылар арасындағы жанжал түсірілген видеоның пайда болды Жағдайға байланысты білім басқармасы түсініктеме берді.
"2024 жылдың 4 қарашасында С.Т. Жұпарғалиев Қадыр Мырза Әлі атындағы орта мектептің директоры болып тағайындалды. Оның білім саласындағы жалпы өтілі – 35 жыл.
Тағайындалған кезде ата-анадан да, мектеп ұжымынан да шағымдар түскен жоқ. Ол конкурстан барлық талап пен критерийлерге сай, жалпы негізде өтті.
Білім басқармасы бұл оқиғаға байланысты қызметтік тексеріс бастады. Оның қорытындысы бойынша заң аясында шаралар алынады", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2206661-atyrau-oblysynda-mektep-direktorynyng-oqushyny-urgan-sati-tusirilgen-videodan-keiin-tekseris-bastaldy/