jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Алматыда мерекелік демалыс күндері қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Автобус іші
"Оңай" төлем жүйесі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қалалық мобильділік басқармасы жаңажылдық мерекелерде қаланың қоғамдық көлігі қалай жұмыс істейтіні туралы мәлімдеді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

1 қаңтарда желіге жоспарланған демалыс күнінен жылжымалы құрамның 50 пайыз шығады, 2-4 қаңтарда қоғамдық көлік демалыс күнінің кестесі бойынша жұмыс істейтін болады.

№12 маршрут "Алматы-2 теміржол вокзалы – "Медеу" БСК 1-4 қаңтар аралығында желіге 20 бірлік жылжымалы құрам шығатын демалыс күнгі кесте бойынша жұмыс істейтін болады.

№3 түнгі маршрут өзгеріссіз жұмыс істейді.

Алматы қаласы метрополитенінің жұмысы демалыс күнінің кестесі бойынша сағат 06:20-дан 00:00-ге дейін 12-15 минуттық қозғалыс аралығымен ұйымдастырылады.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандықтар қаңтар айында 11 күн демалатыны туралы жазған едік. Жаңа жыл мерекесіне орай биыл ел тұрғындары 1-4 қаңтар аралығында демалады.

Алматыда мерекелік демалыс күндері қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.