jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Қаңтардың алғашқы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Қарлы ауа райы
Қарлы ауа райы. Көрнекі сурет: Bilal Guler/Getty Images

Елімізде 31 желтоқсанда, сондай-ақ қаңтардың алғашқы күндерінде жаңбыр жауып, жел күшейіп, тұман түседі деп күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында қар, бұрқасын, 1-2 қаңтарда қатты екпінді жел, батыста, оңтүстік-батыста, республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерінде жауын-шашын, көктайғақ болады.

31 желтоқсанда еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжануда. Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі деп күтіледі.

Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы:

  • түнде батыста 5 градус аяз, 5 градус жылы, күндіз 3 градус аяз -10 градус жылы,
  • солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, шығыста түнде -2...-13 градусқа дейін, күндіз -7 градус...-2 градус жылы,
  • шығыста түнде және күндіз 0...-8 градусқа дейін жоғарылайды.

Сонымен қатар оңтүстікте, оңтүстік-шығыста ауа райы күрт өзгермейді.

Қаңтардың алғашқы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.