Шымкентте жаңа жыл түні екі мың полицей қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
Жарияланған күні:
Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері мерекелік күндер кезінде құқықтық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету, сондай-ақ құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша іс-шаралар кешенін күшейтілген қызмет түрінде жүргізеді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
Басылым мәліметіне сүйенсек, халық көп шоғырланатын орындарда қоғамдық тәртіпті сақтауға қосымша автопатрульдер және жаяу нарядтар жұмылдырылған.
Бейнебақылау камералары арқылы жедел басқару орталығының инспекторлары көшелер мен қоғамдық орындардағы жағдайды мұқият бақылауда.
Полиция азаматтарды мереке күндері қоғамдық тәртіпті қатаң сақтауға, құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2206814-shymkentte-zhanga-zhyl-tuni-eki-myng-politsei-qauipsizdikti-qamtamasyz-etedi/