Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте үздік спортшыларға құрмет көрсетілді

Жарияланған күні:

Шымкент әкімі үздік спортшыларды марапаттады
Шымкент әкімі үздік спортшыларды марапаттады. Фото: instagram.com/ akimat_shymkent

Шымкенттегі "Көрме" орталығында өткен салтанатты іс-шара барысында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков биылғы қорытынды бойынша үздік спортшылар мен жаттықтырушыларды марапаттады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мегаполис басшысы Шымкент салауатты өмір салтына бағдарланған және спорттық жетістіктерге, жеңістерге бай қала екенін атап өтті.

"Ұрпақтар сабақтастығының арқасында біздің спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Биыл шымкенттіктер спортта жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Сонымен қатар бүгінде спорттық инфрақұрылым белсенді түрде жаңғыртылуда, жаңа нысандар пайдалануға беріліп жатыр.

Бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Спортты қолдау әрқашан маңызды басымдық болады, өйткені әрбір жетістік бұл тек Шымкенттің дамуына ғана емес, бүкіл Қазақстанның беделін нығайтуға қосқан үлес", - деп атап өтті Ғабит Сыздықбеков.

Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 340-қа жуық спорттық іс-шара өткізіліп, оған 50 мыңнан астам адам қатысты. Халықаралық және республикалық жарыстарда спортшылар 2383 медаль жеңіп алды.

Сонымен қатар 423 спортшы ересектер құрамасына, 461 спортшы жастар құрамасына және 400 спортшы жасөспірімдер құрамасына кірді. Жалпы 1284 спортшы ұлттық құрамада ел намысын қорғайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2206904-shymkentte-uzdik-sportshylarga-qurmet-korsetildi/