jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Абай облысында 20 жастағы қыз арнайы жасақ сарбаздарына жақындап, есінен танып қалған

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: telegram.org/POLICE_of_KZ

Абай облысында арнайы жасақ қызметкерлері демікпе салдарынан тұншыққан 20 жастағы қызды құтқарып қалды. Бұл туралы Polisia.kz порталының Telegram-дағы арнасы хабарлайды.

Полиция мәліметінше, оқыс жағдай қыз патрульдік көліктен көмек сұрап келген кезде болған. Кенеттен есінен танып қалған қызға полиция қызметкерлері дереу жедел жәрдем шақырып, алғашқы медициналық көмек көрсете бастады.

Қызды суықтан қорғау үшін олар өздерінің күртелерін астына төседі.

"Медициналық көмек келгенге дейін Еркебұлан Мейрамбекұлы мен Жасұлан Тұяқов барынша күш салып, оның жағдайын тұрақтандырды. Осылайша ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік туды. Қазіргі уақытта қыздың денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте полицейлер қарт бауырларды өрттен құтқарғаны туралы жазған едік.

Абай облысында 20 жастағы қыз арнайы жасақ сарбаздарына жақындап, есінен танып қалған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.