jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

31 желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болады

Қыс мезгілі
Қыс мезгілі. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Сейсенбі, 31 желтоқсанда Қазақстанның әр аймағында ауа райы қандай болатынын "Қазгидромет" мамандары болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Синоптиктер ақпаратынша, 31 желтоқсанда түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қар жауып, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжанды.

Ақмола облысында бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Түркістан облысының таулы аудандарында түнде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі деп болжанды.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп болжанды.

Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі.

31 желтоқсанға қараған түні және таңертең Астана қаласында тұман түседі деп болжанды.

Абай облысында бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Сейсенбіде күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында көктайғақ, облыстың шығысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

31 желтоқсанда күндіз Қостанай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Ұлытау облысының батысында, шығысында, орталығында тұман түседі, ал 1 қаңтарда түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын болады.

31 желтоқсанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түссе, 1 қаңтарда түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын болады деп болжанды.

Сейсенбіде күндіз Алматы облысының таулы аудандарында қар жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады.

Еске салсақ, бұған дейін "Қазгидромет" мамандары қаңтардың алғашқы күндерінде Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, жел күшейіп, тұман түсетінін болжаған.

31 желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.