"300 шақырымға созылды": Қызылорда облысында көктайғақ салдарынан көлік кептелісі болды
Жарияланған күні:
Қызылорда облысындағы республикалық маңызы бар жолда көктайғақ салдарынан көлік қозғалысы тоқтап қалды. Қар аралас жаңбырдан жол беті көкмұзға айналып, көліктер жүре алмай қалған, деп хабарлайды КТК.
Телеарнаның хабарлауынша, көктайғақ салдарынан 300 шақырымға созылған көлік кептелісі орын алған. Тайғанап сайға сырғанаған кейбір көлік бір-біріне соғылған. Алайда жарақат алғандар жоқ.
Ұзын-сонар көлік легінде үш мыңға жуық автокөлік тұрып қалды. Жол бойындағы кептеліс Самара - Шымкент тасжолының үш жүз шақырымына дейін созылған.
Полицейлер көктайғақта төрт жол көлік апаты тіркеліп, бес жүк көлігі жол жиегіне түсіп кеткенін жекізді. Тәртіп сақшылары тез арада жолды жауып, көлік қозғалысын біртіндеп қалпына келтірді.
"Шиелі ауданы мен Байқоңыр қаласы аумағындағы тасжолдың көктайғақ болуына байланысты 1200-ден астам автокөлік пен 2600-ден астам жүк күлік жолаушылары арнайы кешендерге орналастырылды", - деді Қызылорда облысы ПД полиция басқармасы бастығының орынбасары Мұратбек Манатов.
Дереккөз: КТК.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2207094-300-shaqyrymga-sozyldy-qyzylorda-oblysynda-koktaigaq-saldarynan-kolik-keptelisi-oryn-aldy/