"Ескерулеріңізді сұраймыз": "ҚазАвтоЖол" өкілдері ауа райына байланысты жүргізушілерге ескерту жасады
Жарияланған күні:
"ҚазАвтоЖол" өкілдері республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет таратып, жүргізушілерді алыс жолға шығарда күн райын ескеруге шақырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"2024 жылғы 31 желтоқсанда Абай, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қар күтілуде.
Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз", - делінген компанияның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламада.
Бұл ретте "ҚазАвтоЖол" өкілдері 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болатынын ескертті.
Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда облысындағы республикалық маңызы бар жолда көктайғақ салдарынан көлік қозғалысы тоқтап қалғанын жазған едік. Қар аралас жаңбырдан жол беті көкмұзға айналып, көліктер жүре алмай қалған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2207148-eskeruleringizdi-suraimyz-qazavtozhol-okilderi-aua-raiyna-bailanysty-zhurgizushilerge-eskertu-zhasady/