Ақтау түбіндегі ұшақ апатында қаза тапқандардың рухына арналған ән жарық көрді
Жарияланған күні:
Қазақстандық өнер иелері Ақтау түбіндегі ұшақ апатында қаза тапқандардың рухына арналған қазақ және әзірбайжан тілдерінде ән шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Бір ұяның егізіміз. Ортақ айдын теңізіміз. Бір-бірімізге ең жып-жылы лебізіміз. Бірімізді іздеуменен, не бар бізге бір көрмеген?! Қуаныш пен қайғым ортақ, сіздерменен", – делінген ән мәтінінде.
Видео YouTube желісінде жарияланған және онда Әзірбайжан әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшыраған сәтінен түсірілген кадрлар бар. Музыканың авторы Ренат Гайсин, сөздері Данияр Алдаберген мен Эльмира Дехгани.
Еске салайық, 25 желтоқсан күні Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады.
Бас прокуратура Ақтау қаласы маңында Әзербайжан әуе компаниясының әуе кемесі апаты фактісі бойынша Бас прокуратураның арнайы прокурорларының басшылығымен ведомствоаралық тергеу-оперативтік топ құрылғанын хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2207271-aqtau-tubindegi-ushaq-apatynda-qaza-tapqandardyng-ruhyna-arnalgan-an-zharyq-kordi/