"158 рет көмекке шықты": құтқарушылар Жаңа жыл түні қалай жұмыс істегендерін айтты
Жарияланған күні:
ТЖМ құтқарушылары Жаңа жыл қарсаңында күшейтілген режимде жұмыс істеді. Тәулік бойы олар 158 рет көмекке шықты, деп ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Өткен тәулікте 31 желтоқсанда Қазақстан ТЖМ күштері 158 шығу жасады. Оның 88-і өрттер мен жану оқиғаларына, 70-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға барған. Бұл ретте 25 адам, оның ішінде 8 бала құтқарылды және эвакуацияланды.
"ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады", - делінген ресми хабарламада.
ТЖМ өкілдері ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға ауа райы нашарлаған жағдайда алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуды ұсынды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2207445-158-ret-komekke-shyqty-qutqarushylar-zhanga-zhyl-tuni-qalai-zhumys-istegenderin-aitty/