Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жалға алынған пәтерден 190 sim-карта мен sim-бокс құрылғысы табылды

Жарияланған күні:

Sim-карта мен sim-box құрылғылары
Sim-карта мен sim-box құрылғылары. Фото: polisia.kz

Алматыда екі ер адамнан 190 sim-карта мен sim-box құрылғылары тәркіленді. ІІМ отандық ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, ел аумағында алаяқтық қызметтің жолын кесті, деп хабарлайды ІІМ-нің ақпараттық медиа-порталы Polisia.kz.

ІІМ мәліметінше, республиканың аумағында түрлі мессенджерлер арқылы қазақстандықтарға қоңырау шалу үшін интернет-алаяқтар sim-box құрылғыларын пайдаланады.

"Адамдарды алдау үшін қылмыскерлердің белгілі бір елде болуы міндетті емес. Sim-box құрылғыларының болуы жеткілікті. Олар жергілікті ұялы байланыс операторларының интернет-трафигін қолдана отырып, жалған нөмірлермен байланыс орнатуға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Жаңа жыл қарсаңында ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің үйлестіруімен Алматы ПД полиция қызметкерлері жалдамалы пәтерде sim-box құрылғысының үздіксіз жұмысын қамтамасыз еткен 25 жастағы екі жігітті ұстады.

Жедел уәкілдер пәтерді тінту кезінде әрқайсысы 32 слоттық төрт sim-box құрылғысын және қазақстандық ұялы байланыс операторларының 190 sim-картасын, бірнеше телефон мен ноутбуктарды тәркіледі. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұсталғандарға қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2207550-almatyda-zhalga-alyngan-paterden-190-sim-karta-men-sim-boks-qurylgysy-tabyldy/