Қазақстанның екі облысында жер сілкінісі сезілді
Жарияланған күні:
Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 192 километр жерде жер сілкінді. Алматы және Жетісу облыстарының кей аймағында жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институтына" сілтеме жасап.
ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2025 жылғы 2 қаңтарда Астана уақытымен 17 сағат 13 мин жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 192 км жерде орналасқан.
Есептік қарқындылығы (балмен): Алматы облысының Шонжы ауылы, Көкпек ауылы, Шелек ауылы; Жетісу облысының Жаркент қаласы, Сарыөзек ауылы - 2 балл.
Сейсмологиялык зерттеу институты мәліметінше, зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
Айта кетейік, бүгін 2 қаңтарда жер сілкінісі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 353 км жерде Қытай аумағында тіркелген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2207592-almaty-qalasynan-soltustik-shygysqa-qarai-192-km-zherde-zher-silkindi/