jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Ақтөбе облысында 11 адам қар құрсауында қалды

    Қар
    Қар. Көрнекі сурет: Nasir Kachroo/NurPhoto via Getty Images

    Ақтөбе облысында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан 11 адамды құтқарды. Бұл туралы 112KZ Telegram-дағы арнасы хабарлайды.

    ТЖМ мәліметіне сүйенсек, күні кеше Хромтау ауданында жергілікті маңызы бар автожолда ішінде адамдары бар екі "Газель" автокөлігі қар құрсауында қалған.

    Құтқарушылар 11 адамды, оның iшiнде бес баланы Хромтау қаласындағы "Далэс" кемпингiне жеткiздi. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

    "Төтенше жағдай қызметкерлеріне үлкен рахметімізді айтамыз. Жаңа біз бала-шағамызбен барлығымыз тоңып қалғанда, шақырғанда келіп, жылыту орындарына алып келді. Көп рахмет"- деді құтқарылған азаматша.

    Ақтөбе облысында 11 адам қар құрсауында қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.