Алматыда ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 20 адамды эвакуациялады (видео)
Жарияланған күні:
Алматыда ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 20 адамды эвакуациялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ 112KZ Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Наурызбай ауданының Қарғалы шағынауданында Кенесары хан көшесінің бойындағы көппәтерлі тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтерде өрт шыққан.
"ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 22 адамды, оның ішінде 10 баланы құтқарды және 20 адамды эвакуациялады. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 100 астам адам өз бетінше далаға шыққан", - делінген хабарламада.
Өрт жедел түрде 10 шаршы метр алаңда сөндірілген. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2207642-almatyda-tzhm-qyzmetkerleri-ort-kezinde-20-adamdy-evakuatsiialady-video/