jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

"Ортақ әңгімелері бар шығар": Тоқаев Назарбаев пен Путиннің кездесуіне қатысты ойын айтты

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин. Фото: kremlin.ru

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Ана тілі" газетіне берген сұқбатында тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путиннің кездесуіне қатысты ойын айтты.

Сұқбат барысында газет тілшісі жұртшылық тұңғыш президенттің Мәскеуге барып, Владимир Путинмен кездесуін талқыға салғанын айтты. Ол мемлекет басшысынан бес жыл бұрын биліктен кеткен Нұрсұлтан Назарбаев РФ басшысымен не себепті жүздескенін сұрады.

"Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің желтоқсандағы кездесуі өткен жылдағы екінші жүздесуі ғой деймін. Күз басындағы бірінші кездесу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында айтылған жоқ. Олар байырғы достар әрі әріптестер ретінде жүздесетін болса керек, ортақ әңгімелері де бар шығар.

Мұндай кездесулер әдетте Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен өтеді. Ол үшін мұның маңызы зор. Бұрынғы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы, партия басшысы және егемен Қазақстанның президенті ретінде Нұрсұлтан Әбішұлының Кремльмен тығыз моральдық және саяси байланысы барын естен шығармаған жөн.

Оның талай уақыты Мәскеуде өтті, сан мәрте іссапарға барды, съезд және пленум отырыстарына қатысты, жұмыс бабымен және ресми сапарлармен де болды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Ортақ әңгімелері бар шығар": Тоқаев Назарбаев пен Путиннің кездесуіне қатысты ойын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.