Top.Mail.Ru

Зектілері

"Әдемі сөйлейді, алайда нақты нәтиже шамалы": Тоқаев теңгенің құлдырауы мен елдегі экономист басшылардың жұмысына баға берді

Жарияланған күні:

Теңге мен доллар бағамына қатысты иллюстрация
Теңге мен доллар бағамына қатысты иллюстрация: Chat GPT

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда доллар бағамының 500 теңгеден асып кеткеніне қатысты пікір білдіріп, экономист басшылардың жұмысына баға берді. Бұл туралы ол "Ана тілі" газетіне берген сұқбатында айтты.Олар халықаралық қаржы институттарының тілімен әдемі сөйлейді, алайда нақты нәтижесі бар шаруа шамалы болып тұр.

 – 2024 жылдың қараша айын­да теңгенің долларға шаққандағы бағамы 500-ден асып кетті. Оны белгілі бір психологиялық меже деуге болады. Ұлттық валюта бағамының тұрақсыздығына нарықтағы түрлі фактор әсер ететіні түсінікті. Дегенмен мұндай қаржы-валюта саясаты қаншалықты орынды? Бұл жағдай экономикалық реформаларды жүзеге асыруға бөгет болмай ма?

– Қазақстан әлем экономикасының ажырамас бөлігі болғандықтан, теңгеге сыртқы факторлар әсерін тигізбей қоймайды. Доллардың ны­ғаюы­нан дамушы елдердің валютасы қысым көреді. Зер салып қарасақ, көптеген мемлекеттің валютасы қараша айынан әлдеқайда бұрын әлсірей бастады. Ал теңгенің бағамы ұзақ уақыт тұрақтылығын сақтап тұрды. 

Біздің валюта бағамын қолдан ұстап тұру тәжірибесінен бас тартқанымызға біраз уақыт болды. Нарық факторларына байланысты еркін бағам қалыптастыру жолын таңдадық. Мен теңгені күшейту үшін еліміздің алтын-валюта қорын босқа ысырап ету орынсыз деп санаймын. Нарыққа қатысы бар кейбір құрылымдар теңге бағамын басқаруға қолайлы ету туралы ұсыныстар айтып жүр. Ұлттық банк пен Үкімет оның бәрін мұқият қарастырып жатыр.

Мәселені зерделеген соң бұл бағыттағы ұстанымымызды өзгерту қажет пе деген са­уалдың жауабы белгілі болады. Басты мақсат – экономиканың тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету, нақты секторды қарқынды дамыту, еңбек өнімділігін арттыру және тұрақты жұмыс орындарын көптеп ашу. 

Ашығын айтсам, экономист басшылардың қазіргі жұмысын орташа деп бағалаймын. Олар халықаралық қаржы институттарының тілімен әдемі сөйлейді, алайда нақты нәтижесі бар шаруа шамалы болып тұр. Қазір өңірлердегі ахуалды және экономиканың іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін жақсы білетін, яғни жергілікті жерде еңбек етіп, ысылған мамандар қажет. Былтыр 17 желтоқсанда Премьер-Министр Олжас Бектеновпен кез­дескенде осы мәселені талқыладық. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2207781-ademi-soileidi-alaida-naqty-natizhe-shamaly-toqaev-tenggening-quldyrauy-men-eldegi-ekonomist-basshylardyng-zhumysyna-baga-berdi/