Top.Mail.Ru

Зектілері

"Әрбір шешімнің артында адам тағдыры тұр": Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен күресуге жауапты мекемеге үндеу жасады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Ана тілі" газетіне берген сұқбатында елдегі сыбайлас жемқорлықпен күресуге жауапты мекемеге үндеу жасады. Ол әрбір шешімнің артында адам тағдыры тұрғанын айтты.

Мемлекет басшысының сөзінше, сыбайлас жемқорлықпен жүйелі түрде күресу – аса қажетті жұмыс. Ал мемлекет жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық фактілерін анықтау ғана емес, жемқорлықтың алдын алу үшін жұмыс жүргізіп жатыр.

"Қазақстан жемқорлыққа қарсы күрес жолында ең озық халықаралық стандарттарды, соның ішінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы енгізіп жатқан талаптарды басшылыққа алады. Бұл – өте жоғары талап, біз соған сай болуымыз керек.

Бұған қоса, мен сыбайлас жемқорлықпен күресуге жауапты мекеменің басшыларына науқаншылдыққа салынбай, байыпты шешімдер қабылдау қажеттігін үнемі айтып отырамын. Өйткені әрбір шешімнің артында адам тағдыры тұр.

Ал шенеуніктердің ұсталғаны туралы ақпараттың жиі шығуы биліктің абыройына белгілі бір деңгейде нұқсан келтіргенімен, мемлекеттің ашық жұмыс істейтінін көрсетеді. Бірақ мұндай қадамсыз "Заң мен тәртіп" қағидаттарына негізделген әділетті мемлекет құру мүмкін емес", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2207796-arbir-sheshimning-artynda-adam-tagdyry-tur-toqaev-sybailas-zhemqorlyqpen-kuresuge-zhauapty-mekemege-undeu-zhasady/