Top.Mail.Ru

Зектілері

Қарағандыда ауа райының нашарлауына байланысты шамамен 800 көлік жолда тұрып қалды

Жарияланған күні:

Қарағандыда жолда тұрған көліктер
Қарағандыда жолда тұрған көліктер. Видеодан кадр: t.me/ police_of_kz

Қарағандыда ауа райының нашарлауына байланысты шамамен 800 көлік жолда тұрып қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ІІМ Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

ІІМ мәліметінше, бүгін Қарағанды облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты екі негізгі бағыт: Қарағанды — Астана және Қарағанды — Павлодар жолдары жабылған.

"Күн сайын 10 мыңнан астам көлік өтетін республикалық маңызы бар Алматы — Екатеринбург автожолында күрделі жағдай қалыптасқан", - делінген хабарламада.

Оған қоса Теміртау қаласының маңындағы терминалда жолдардың жабылуына байланысты шамамен 800 автокөлік тұрып қалған.

Қарағанды облысының полицейлері жол жағдайын қалыпқа келтіру үшін барлық қажетті шараны қабылдап жатыр. Жақын арада автоколоннаға Ақмола облысының шекарасына дейінгі бағытта қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, ілесіп жүру ұйымдастырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2207822-qaragandyda-aua-raiynyng-nasharlauyna-bailanysty-shamamen-800-kolik-zholda-turyp-qaldy/