jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Астана әуежайында 10-нан аса рейс кешіктіріліп жатыр

Астана әуежайы
Астана әуежайы. Фото: nn-airport.kz

Астана әуежайында 10-нан аса рейс кешіктіріліп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әуе айлағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Рейстерге қатысты өзекті ақпарат Астана әуежайының Instagram-дағы парақшасында жарияланды. Оған сәйкес, қазіргі уақытта Астана халықаралық әуежайында ұшуға жоспарланған 75 рейстің 4-і, ұшып келуге жоспарланған 78 рейстің 9-ы кешіктіріліп, 1-і тоқтатылған.

Ұшуға кешіктірілген рейстер:

  • КС642 Астана-Алматы;
  • FS7365 Астана-Орал;
  • DV741 Астана-Ақтау;
  • IQ425 Астана-Қызылорда.

Астана әуежайының мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуі немесе тоқтатылуы тіркелген жоқ.

"Жолаушылар рейстердің жай-күйі және кестедегі ықтимал өзгерістер туралы ақпаратты авиакомпаниядан, сондай-ақ Астана халықаралық әуежайының www.nn-airport.kz ресми сайтынан немесе тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығының телефоны 8 (7172) 702-999 арқылы ала алады", - делінген хабарламада.

Астана әуежайында 10-нан аса рейс кешіктіріліп жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.