jitsu gif
Шоубиз

    "Айтарым көп": Ақтаудағы ұшақ апатын әуеден түсірген блогер бостандыққа шықты

    Азамат Сәрсенбаев
    Азамат Сәрсенбаев. Фото: instagram.com/azamat_sarsenbayev

    Маңғыстау облысында жергілікті блогер Азамат Сәрсенбаевты сот әкімшілік іспен он күнге қамаған еді. Блогер бостандыққа шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Блогер Азамат Сәрсенбаев Instagram-дағы парақшасында фотосын жариялап, бостандыққа шыққанын хабарлады.

    "Ер адамның басынан не өтпейді!? Үйден 150 шақырым алыста 10 күн оқшау жатып, басымнан осы ой кетпеді. Шынымды айтсам, осылай болғанына да қуандым. Шыңдалдым, мықтырақ болып, өз ұстанымымды одан сайын бекемдедім. Айтарым көп", - деп жазды блогер.

    Ол жазбасында отбасына оралғанына қуанғанын да жеткізді.

    Айта кетейік, 26 желтоқсанда Маңғыстау облысында ұшақ апаты болған орынды дронмен түсіргені үшін ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев 10 тәулікке қамауға алынған болатын.

    Полиция мәліметінше, блогер қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ұсталған. "Ол оқиға орнында дрон ұшырып, құтқару қызметтерінің жұмысына және тергеу іс-шараларына кедергі келтірді, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбады", – деп түсіндірді ДП өкілдері.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.