Top.Mail.Ru

Зектілері

"1,8 млрд теңге қаржы жымқырған": ШҚО-да құрылыс компаниясының топ-менеджерлері ұсталды

Жарияланған күні:

Құрылыс жоспары
Көрнекі фото: depositphotos.com

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті көппәтерлі тұрғын үй кешенін салу желеуімен 1,8 млрд теңге қаржы жымқырған құрылыс компаниясының топ-менеджерлерінің әрекетіне тосқауыл қойды. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Агенттіктің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Өскемен қаласында екі күдікті 102 адамды алдап, тұрғын үй құрылысына үлескер ретінде қатысуға жалған келісімшарттар жасаған. Алайда құрылыс нысаны уақытылы аяқталмаған. Жұмыстардың мерзімі бірнеше мәрте ұзартылып, көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқсыз қалған.

Сонымен қатар компанияда үлескерлердің қаражатын тартуға қажетті рұқсат құжаттары болмағаны анықталған.

"Қазір күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу барысында олардың 2,3 млрд теңге көлеміндегі мүлкіне тыйым салынды. Зардап шеккен азаматтарға қаражаттарын қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеудің басқа мәліметтері жария етілмеді.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Ресей Федерациясынан аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Өзбекстан азаматын экстрадициялағанын еске саламыз.

Ал Ақмола облысының арнайы прокурорлары 300 млн теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін Атбасар ауданының әкімдігіне қарасты құрылыс бөлімі, "Престиж Строй 7" және "Фундаменталь" ЖШС-нің басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2208053-oskemende-1-8-mlrd-tengge-zhymqyrgan-qurylys-kompaniiasynyng-basshylary-ustaldy/