Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда үй чаттарында балағат сөз айтқаны үшін айыппұл салына ма

Жарияланған күні:

Әлеуметтік желілердегі чат
Чат. Көрнекі сурет: pixabay.com

Көпқабатты үйлердің тұрғындары үшін ортақ чаттар дау-дамай алаңына айналғаны қашан? Алайда әлеуметтік желілердегі осындай топтарда айтылған балағат сөздер мен тіл тигізу әрекеттері айыппұлға немесе басқа әкімшілік жазаға әкеп соқтыруы мүмкін. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалында.

Әлеуметтік желілер жеке хат алмасу, топтық талқылаулар мен чаттар құру мүмкіндігін береді. Көппәтерлі үйлердің тұрғындары үшін бұл алаңдар үйді басқару мәселелерін талқылауда тиімді құралға айналды.

Алайда кейде пікірталастар қызу қақтығысқа ұласып, чат қатысушыларына құқықтық салдар тудыруы ықтимал.

Кім және не үшін айыппұл төлейді?

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 131-бабына сәйкес, ауызша немесе жазбаша түрде ар-намысты қорлағаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Қорлау дегеніміз – басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту.

Егер мұндай әрекет ауызша айтылса:

  • Жаза мөлшері: 100 АЕК-ке дейін айыппұл (2025 жылы 393 200 теңге), немесе сол көлемде түзеу жұмыстары, не 120 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар.

Ал егер қорлау әлеуметтік желілерде, соның ішінде чаттарда жазылса, жаза біршама қатаңдатылады:

  • Жаза мөлшері: 200 АЕК-ке дейін айыппұл (2025 жылы 786 400 теңге), немесе сол көлемде түзеу жұмыстары, не 180 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар.

Қорлағаны үшін қалай арыз жазуға болады

Егер сіз ар-намыс пен қадір-қасиетіңізді қорлау фактісіне тап болсаңыз, құқық қорғау органдарына шағымдана аласыз. Шағымға дәлел ретінде чаттағы хат алмасу немесе балағат сөздердің скриншоттарын қоса аласыз.

Содан кейін арнайы лингвистикалық сарапшылар мәселені зерттеп, айтылған сөздердің қорлауға жататын-жатпайтынын анықтайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2208065-qazaqstanda-ui-chattarynda-balagat-soz-aitqany-ushin-aiyppul-salyna-ma/