jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    ҰҚК өкілдері 2024 жылы аса қауіпті 19 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойған (видео)

    Күдіктілерді ұстау операциясы
    Күдіктілерді ұстау операциясы. Видеодан кадр: polisia.kz

    Ұлттық қауіпсіздік комитеті трансұлттық және өңірлік қылмыстық топтарға қарсы тұруға арналған кешенді шараларды іске асырады. 2024 жылы комитет полиция органдарымен бірлесіп, аса қауіпті 19 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Комитеттің Telegram-дағы парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін ұйымдасқан қылмыстық топтың 72 жетекшісі мен белсенді қатысушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

    "Жалпы алғанда, 98 адам кісі өлтіру, тонау, бопсалау және басқа да ауыр қылмыстар жасағаны үшін күдікті ретінде ұсталды. Олардың ішінде шетелдік қылмыстық топ жетекшілерінің көмекшілері де анықталған.

    40 адам сотталып, қалғандарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Ұйымдасқан қылмыспен күрес бойынша іс-шаралар әрі қарай да жалғаса бермек", - делінген комитет хабарламасында.

    ҰҚК қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмыстық топтардың әрекеттерін түбегейлі жою мақсатында кешенді жұмыстарын жалғастырып жатыр.

    ҰҚК өкілдері 2024 жылы аса қауіпті 19 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойған (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.