Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1 млрд теңгенің ұрлығы: бұрынғы вице-министрдің ісі сотқа жіберілді

Жарияланған күні:

тергеу изоляторы11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Антикор Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі және мердігер ұйым басшылығына қатысты тергеуді аяқтады – іс сотқа жіберілді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Агенттіктің Telegram-дағы ресми арнасында вице-министр мен мердігер ұйым басшыларына қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, 1 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деген айып тағылғаны айтылған.

Өткен жылдың 13 желтоқсанында Бас прокуратура күдіктілерді сотқа берді.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ жоғары лауазымды тұлғалар арасындағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша жұмыстарын жалғастыратын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2208144-madeniet-zhane-sport-ministrligining-buryngy-vitse-ministrine-qatysty-tergeu-aiaqtaldy/