jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте жүргізуші полицейді көліктің капотында бірнеше метрге сүйреп әкетті

Көлік рөлі
Көлік рөлі. Көрнекі фото: pexels.com

Шымкентте полицейлер көшелерді патрульдеу кезінде Toyota Highlander жүргізушісін бағдаршамның тыйым салатын белгісінен өткені үшін тоқтатты. Жүргізушінің әрекетінен инспекторлар масаңдықтың белгісін байқаған. Құқықбұзушы полицейдің құжат көрсету туралы заңды талабын орындамай, оқиға орнынан жасырынбақшы болды, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Басылым мәліметіне сүйенсек, жүргізушіні тоқтату және қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін инспектор Бақытжан Боранбай автокөліктің алдына шығып, жолына тосқауыл болған. Бірақ рөлдегі ер адам полицейге қарай қозғалысын жалғастырып, оны капотында бірнеше метрге дейін алып жүріп, оқиға орнынан бой тасалаған.

Күдікті анықталып, ұсталды. Медициналық куәландыру нәтижесіне сәйкес, ол есірткілік масаң күйде болған. Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу шаралары басталды. Ұсталған азамат қамауда.

Ол билік өкіліне қатысты өміріне немесе денсаулығына қауіпті күш қолданғаны үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Шымкентте жүргізуші полицейді көліктің капотында бірнеше метрге сүйреп әкетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.