jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ДМ
Динар Мұрат
Бұрынғы қызметкер

ШҚО-да көлік көпірден құлап кетті (видео)

Риддердегі апат
Апат орны. Фото: yk-news.kz/

Шығыс Қазақстан облысында Toyota Hilux көлігі көпірден құлап, салдарынан бірнеше адам зардап шекті. Оқиға 1 қаңтарда Риддер қаласында болған. Апат сәті куәгерлердің камерасына түсіп қалған. Бұл туралы YK-news.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

ШҚО полиция департаменті өкілдері апатқа көлік жүргізушісінің жол жағдайы мен ауа райын ескермегені себеп болғанын мәлімдеді. Көлік көпір қоршауына соғылып, оны бұзып, төменге аударылып кеткен. Жүргізуші мен көліктегі жолаушылар жарақат алды.

Жүргізушінің үстінен әкімшілік хаттама толтырылып, заң аясында шара қолданылған.

Зардап шеккендер оқиға куәгерлерін іздестіруде. Олар жолдағы ойықтардың апатқа себеп болғанын айтып, жол сапасына шағымданды. Бір куәгер апат сәтін түсірген камера жазбасын бөлісті. Қазір жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Абай облысында да жеңіл көлік Ертіс өзеніне құлап кеткен болатын. Алдын ала ақпарат бойынша, салонда төрт адам болған. Іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ШҚО-да көлік көпірден құлап кетті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.