jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте әлеуметтік тауарды қымбат бағада сатқан кәсіпкерлерге айыппұл салынды

Дүкендегі азық-түлік арбасы
Дүкендегі азық-түлік. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте құзырлы мекемелер азық-түлік бағасын қадағалау және делдалдық қызметті шектеу мақсатында арнайы комиссия құрды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік тауар бағасын қымбат сатқан кәсіпкерлер анықталып, айыппұл салынды, деп хабарлайды Ontustiktv.kz.

Телеарна мәліметінше, бүгінде тауардың 15 пайыздық сауда үстемесін сақтамаған 564 кәсіпкерлік субъекті анықталған. Оның 544-і ескерту алса, 22 кәсіпкер айыппұл арқалаған.

Олар ұнның, тауық етінің, нан мен күнбағыс майының, шекердің және бірнеше көкөніс бағасын қымбат саудалаған. Сондай-ақ құқыққорғау қызметкерлері қала аумағында 292 делдалды анықтаған.

Айта кетейік, бағаны тұрақтандыру мақсатында апта сайын қаланың 7 жерінде азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Жәрмеңкеге 250-ге жуық тауар өндіруші, шаруа қожалықтар және көтерме сауда қызметімен айналысатын дистрибьюторлар қатысып, аптасына жалпы 150 тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын нарықтан 10-15 пайызға төмен бағада сатып келеді.

Шымкентте әлеуметтік тауарды қымбат бағада сатқан кәсіпкерлерге айыппұл салынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.