Шымкенттегі ауданда жарықтандырылған көшелердің үлесі 93 пайызға жетті
Жарияланған күні:
Өткен жылы Шымкенттің Тұран ауданында 34,8 шақырымдық 42 көшеге орташа жөндеу жүргізіліп, 67 көше ағымдағы жөндеуден өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Осылайша, асфальттелген көшелер үлесі 80,2 пайыздан 87,4 пайызға жеткен. Ауданда барлығы 597 көше бар, өткен жылы 428 көшеге жарықшам орнатылған.
Бүгінде жарықтандырылған көшелердің үлесі 42,5 пайыздан 93 пайызға жетті. Демеушілердің көмегімен 2 демалыс орны ашылды. Абаттандыру бағытында 40 жаңа жоба іске асырылды. Олар: 30 балалар ойын алаңшасы, 8 балалар және спорт алаңшасы, 2 спорт алаңшасы.
Сондай-ақ 6 мекенжайдағы ғимараттарға муралдар салынды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2208398-shymkenttegi-audanda-zharyqtandyrylgan-koshelerding-ulesi-93-paiyzga-zhetti/