Top.Mail.Ru

Зектілері

Шымкентте жұмысшылар құқығын қорғау кеңесі құрылады

Жарияланған күні:

Өндірістегі жұмысшы
Көрнекі фото: pexels.com

Шымкентте жұмысшылар құқығын қорғау кеңесі құрылады. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Телеарна мәліметінше, мониторингтік топ еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оқыс оқиғаның алдын алу ережелерін қадағалайды. Бұл туралы Сенат депутаттарының кәсіподақ бірлестігі өкілдерімен кездесуінде айтылды.

Тараптар қоғамдық жұмысқа еңбек ардагерлері мен белсенді азаматтарды да тартады. Олар "инспекция жұмысын ширатып, құрылыс саласындағы келеңсіздіктер мен еңбек дауларына қатысты мәселелерді тез шешуге ықпал етеді" дейді.

Сонымен қатар сенаторлар Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова өндіріс орындарының жұмысшыларымен кездесті. Ал медициналық ұйым басшыларымен кездесуде штатты кеңейту және материалдық-техникалық базаны жаңарту мәселелері сөз болды.

"Әртүрлі еңбек орындарында ауыр, қайғылы жағдайлар болып жатады. Еңбек қауіпсіздігін сақтамау мәселесінде. Еңбек инспекторы барлығын қамти алуы мүмкін емес. Сондықтан қоғам тарабынан да қоғамдық бақылауды күшейтіп, сарапшы кеңесін құру жөнінде ұсыныс жасадық. Біздің әріптестеріміз оны қолдап отыр", - деді парламент сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2208453-shymkentte-zhumysshylar-quqygyn-qorgau-kengesi-qurylady/