Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Жарияланған күні:
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
Тексеру кезінде полицейлер олардан "синтетика" салынған 50 орама тауып, тәркіледі. Жоғары оқу орындарының 18 жастағы студенттері қала аумағында жасырын орындарға есірткі қойып, оның координаттарымен мессенджерде бөлісіп отырғаны анықталды.
Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу жайты бойынша полиция тергеу жұмыстарын бастады. Күдіктілер қамауға алынды.
Басылым мәліметіне сүйенсек, аталған қылмысты жасағаны үшін олар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Осы ретте тәртіп сақшылары есірткімен байланысты кез келген заңсыз әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2208456-shymkentte-esirtki-otkizumen-ainalysqan-eki-student-ustaldy/