"Таулы жерлерге бармауды сұраймыз": ТЖД өкілдері алматылықтарға ескерту жасады
Жарияланған күні:
Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті өкілдері мегаполис тұрғындары мен қонақтарына ауа райына байланысты ескерту жасап, 6 қаңтарда таулы жерлерге бармауға кеңес берді. Бұл туралы ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Қалалық төтенше жағдайлар департаменті өкілдері "Қазгидрометтің" 6 қаңтарда тұман түсуіне байланысты жасаған ескертпесін назарға ала отырып, мынандай хабарлама таратты:
"Тұрғындардан таулы жерлерге бармауды, 112 қызметінің СМС-хабарламаларын, БАҚ-тағы ақпаратты назардан тыс қалдырмауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Бұған дейін "Қазгидромет" Алматыда 6 қаңтарға қараған түні және таңертең қалың тұман түсетінін ескерткен.
Айта кетейік, жақында синоптиктер қаңтар айына арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, Қазақстан бойынша қаңтардың бірінші онкүндігінде ауа райын атлантикалық циклондар қалыптастырады. Нәтижесінде ауа райы тұрақсыз болады – екпінді жел, тұман, көктайғақ болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2208495-tauly-zherlerge-barmaudy-suraimyz-tzhd-okilderi-almatylyqtarga-eskertu-zhasady/