jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Ертіске құлаған автокөлік: аман қалған жалғыз куәгер Семейдегі оқыс оқиға туралы тың мәлімет айтты

    Ертіс өзеніндегі іздестіру жұмыстары
    Ертіс өзеніндегі іздестіру жұмыстары. Видеодан алынған кадр: t.me/qr_tjm/

    Жексенбіде Семей қаласы маңында жеңіл көлік Ертіс өзеніне құлап кетті – полиция өкілдері оқыс оқиға туралы тың мәлімет берді. Бұл жөнінде Abainews сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Өңірлік басылым мәліметінше, әуелі полиция қайғылы оқиға автокөліктер жарысуы кезінде болған деп болжаған. Бірақ кейін, оқыс оқиғадан аман қалған жалғыз куәгерден жауап алынған соң, апатқа жүргізушінің тежегіш пен газ тетіктерін шатастырып алуы себеп болғаны анықталған.

    "Полиция мәліметінше, қайғылы оқиғаға көлік басқару ережесін бұзу себеп болған. Көлік жүргізуші тежегіш пен газ тетіктерін алмастырып алған", - деп түсіндірген Абай облысы полиция департаментінің өкілдері.

    Өзенге құлаған автокөлік салонында төрт адам болған. Жас жігіт пен қыз машинадан шығып үлгерген, бірақ қыз суға ағып кеткен. Көлік жүргізуші мен тағы бір жолаушыны әлі іздестіріп жатыр.

    Еске салсақ, 5 қаңтарда таңғы сағат 6 шамасында Ертіс өзеніндегі Бейбітшілік аралында жеңіл автокөлік бетон қоршаумен соқтығысып, өзенге құлап кетті. Апат кезінде салонда 4 адам болған. Жолаушылардың бірі көліктен өздігінен шығып, жағаға жүзіп жеткен.

    Сағат 9 шамасында іздеу тобы қайтыс болған адамның денесін тауып, судан алып шықты. Көп ұзамай өзенге құлаған автокөлік табылғаны туралы мәлімет жарияланды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.