Top.Mail.Ru

Зектілері

Шығыс Қазақстан облысы экология департаментінің басшысы 4 жылға сотталды

Жарияланған күні:

Пара алу
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері Шығыс Қазақстан облысы экология департаментінің басшысы Әлиев пара алғаны үшін төрт жылға сотталғанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ агенттік мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Құзырлы мекеме мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысында Өскемен қалалық соты өңірдің экология департаментінің басшысы Әлиевке, жергілікті тұрғын Журкабаевқа және кәсіпкер Длюжевскийге қатысты үкім шығарды.

"Әлиев пара алғаны үшін, Журкабаев делдалдығы, ал Длюжевский коммерциялық ұйымға алтын өндіруге экологиялық рұқсат алу үшін 4,5 млн теңге көлемінде пара бергені үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен шенеунік – 4 жылға, қала тұрғыны – 1 жыл 6 айға, кәсіпкер 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, бұған қоса пайдалы қазбаларды барлау және өндіру саласындағы коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшы лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.

Сонымен бірге олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды", - деп хабарлайды Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2208561-shygys-qazaqstan-oblysy-ekologiia-departamentining-basshysy-4-zhylga-sottaldy/