Ақтөбе облысында суықтан электр сымдары қатып, жарық уақытша өшірілді
Жарияланған күні:
Ақтөбе облысының бірқатар ауылдық округінде ауа райының қолайсыздығынан электр желілеріне мұз қатsg, жарық беру уақытша тоқтатылды. Осыған байланысты Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов бейнеүндеу жолдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Аудан басшысының хабарлауынша, аудандық электр желілері мекемесінің мамандары Жұрын, Қаракөл, Сабындыкөл, Ащысай, Құмсай және Ақсу ауылдарында сымдарды мұздақтан тазалау жұмыстарын кезекпен атқарып жатыр.
Қазіргі уақытта Құмсай ауылына электр қуаты берілді.
Бұлақты және Миялыкөл ауылдарына Ембі қаласынан арнайы бригада шығып, сымдарды мұздан тазарту жұмыстарын жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар Миялыкөл ауылына жарық берілгеннен кейін Құмсай ауылындағы Beeline ұялы байланысы қайта іске қосылады. Себебі байланыс мұнарасы Миялыкөл ауылында орналасқан.
Қазір жарықты қайта қосу бойынша жұмыстар жалғасын тапты. Әкім жергілікті тұрғындардан түсіністік танытуды сұрады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2208704-aqtobe-oblysynda-suyqtan-elektr-symdary-qatyp-zharyq-uaqytsha-oshirildi/