jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Алаяқтық пен жалған құжат жасаған": Шымкент полициясы ер адамға іздеу жариялады

Шымкент полициясы ер адамға іздеу жариялады
Шымкент полициясы ер адамға іздеу жариялады. Фото: instagram.com/ police_shymkent

Шымкент полициясы алаяқтық жасады деген күдікке ілінген азаматқа іздеу жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент қалалық ПД Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, ер адам ірі мөлшерде алаяқтық және жалған құжат жасады деп айыпталып отыр.

"Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері азаматтардан фотосуретте көрсетілген ер адамның жеке басы мен жүрген жерін анықтауға көмектесуді сұрайды. Ол ірі мөлшерде алаяқтық және жалған құжат жасағаны үшін іздестірілуде.

Ер адамның жеке басы мен жүрген жері туралы қандай да бір ақпаратқа ие болсаңыз, 102, 8701-216-46-46 телефоны арқылы хабарлауды сұраймыз", - делінген ПД хабарламасында.

"Алаяқтық пен жалған құжат жасаған": Шымкент полициясы ер адамға іздеу жариялады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.